×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

БҚО тұрғындары депутатқа қарсы шықты: дау-дамай кешірім сұраумен аяқталды

06.04.2025, 15:20
БҚО тұрғындары депутатқа қарсы шықты: дау-дамай кешірім сұраумен аяқталды
Скриншот

Сырым ауданының мәслихат депутаты Шынар Дүйсенғалиеваға Жосалы ауылы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары сенімсіздік білдірді. Депутат ресми түрде кешірім сұрап, үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Жосалы, Тамды және Көгеріс ауылдарының 73 тұрғыны аудандық сайлау комиссиясына депутат мандатын қайтарып алу туралы ұжымдық өтініш жолдаған болатын. Бұл – округтегі сайлаушылардың жалпы санының 10 пайызын құрайды және бұл көрсеткіш Қазақстан Конституциялық заңына сәйкес кері қайтару рәсімін бастауға жеткілікті негіз болып есептеледі.

Келесі күні түстен кейін Жосалы ауылында халықпен шұғыл кездесу ұйымдастырылды. Жиынға ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Кубаев, округ әкімі Жұмагелді Батырниязов және депутат Шынар Дүйсенғалиева қатысты. Тұрғындардың наразылығының басты себебі – депутаттың сайлауалды уәделерін орындамауы болған.

Кездесу барысындағы реакция

Кездесу кезінде Шынар Дүйсенғалиева жиналғандардан кешірім сұрап, бұған дейін көтерілген мәселелерді шешу бойынша жұмысын жалғастыратынын айтты.

Ол жылап жіберуге шақ қалды… Өзінің де, әкімнің де қатты ыңғайсызданып тұрғаны байқалды. Ауыл тұрғындары олардың бетіне шындықты ашық айтты, – деді куәгер Зиятов.

Журналистерге берген сұхбатында Шынар Дүйсенғалиева жағдайға қатысты пікір білдірді:

Мен қол қусырып отыратындардың қатарынан емеспін. Сайлауалды бағдарламамда үш негізгі мәселе болды: жол, мектеп және шағын бизнесті дамыту. Мысалы, округтегі 20 тұрғын 120 миллион теңгеден астам сомаға несие алып, кәсібін жүргізіп отыр. Мен өзімді кінәлі деп есептемеймін. Міндетім бойынша жұмыс істеп жатырмын: облыс әкіміне мәселелерді жеткізіп, депутаттық сауалдар жолдаймын, – деді ол.

Депутаттан «Онда сіз не үшін кешірім сұрадыңыз?» деп сұралғанда, ол “кездесуге кешіккенім үшін кешірім сұрадым. Мұны сөзімді бастаған сәтте-ақ айттым” деп жауап берді.