×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

Теміртауда қарияны аяусыз соққыға жыққан балалар екі айға қамалды

Теміртауда қарияны аяусыз соққыға жыққан балалар екі айға қамалды
Видео кадры

Қарағанды облысының Теміртау қаласында қарияны аяусыз соққыға жыққан балалар екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Теміртау қаласында зейнеткерге қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігінің 3) тармақшасына (тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

ҚАМАУҒА АЛУ

Күдікті ретінде танылған 9 адамның барлығы, оның ішінде 7 кәмелетке толмаған бала Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Теміртау қалалық соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Бұлтартпау шарасының ең қатаң түрінің таңдалуына қылмыстың ауырлығы негіз болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтынын атап өту қажет.

САРАПТАМА

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, жан-жақты және объективті тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Бұл факті бойынша бөлек тергеу жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, оқиға 31 наурызда Теміртау қаласында болған. Бұған дейін әлеуметтік желілерде жас жігіттің ұйқысынан енді оянған зейнеткерге жұдырығын түйіп, “орныңнан тұр далба...” деп боқтаған видеосы тараған еді. Үйде бір емес, бірнеше адам жүргені байқалады. Олардың былапыт сөз айтып жүргені түсірілген. 

БАҚ-қа тараған мәліметтерге қарағанда, Теміртау қаласында кәмелетке толмағандар жалғыз тұратын қарияның үйіне баса-көктеп кіріп, оны соққыға жығып, болған жайтты видеоға түсірген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұзақылар өзін электрик ретінде таныстырып, қартты есікті ашуға алдап көндірген. Қария жалғыз тұрады, жақындары қайтыс болған.

Серіктес жаңалықтары