Алматы әуежайында күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әуежайда жүрген халық ішкі рейстерге арналған аймақта, барлық жолаушыларды стерильді күту аймағынан шығарып жібергенін хабарлады.
ӘУЕЖАЙ ӨКІЛДЕРІ НЕ ДЕЙДІ
5 мамырда Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерге арналған келу аймағында кіруді бақылау жүйесінде қысқа мерзімді іркіліс болып, жолаушылар ағынының уақытша араласуына себеп болған.
Қауіпсіздік бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жолаушыларды қайта тексеру жүргізілді. Барлық шаралар жедел әрі ұйымдасқан түрде орындалып, рейстер кестесіне елеулі әсер еткен жоқ. Орташа кешігу уақыты 25 минуттан аспады.
- Әуежай қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жолаушылардың түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреміз, дейді әуежай өкілдері.