×
507.8
580.82
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.8
580.82
6.44

Атырауда алаяқтықпен айналысқан блогер мен оның құрбысы сотталды

11.06.2025, 16:05
Атырауда алаяқтықпен айналысқан блогер мен оның құрбысы сотталды
Фото: instagram

Атырауда алаяқтықпен айналысқан блогер мен оның құрбысы сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Атырау қаласының №2 сотында бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірнеше рет, оның ішінде ірі және аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі бойынша екі айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ

2024 жылғы 4 наурыз бен 12 сәуір аралығында Атырау қаласында блогер Н. және оның досы С. инвестиция арқылы табыс табуға болады деген сылтаумен танысы Ш.-ны мобильді қосымша арқылы қомақты қаражат аударуға көндірген. Құрбылар ақша салу арқылы үлкен пайда табуға болатынын айтып, Ш.-ны әр түрлі датада түрлі сомада аударымдар жасауға үгіттеген.

Ұзақ уақыт бойы блогер құрбысы екеуі жәбірленушімен байланыстарын жалғастырып, жасанды түрде инвестициялар сәтті жүріп жатқанын айтып, оны көп мөлшерде қаражат салуға көндірген.

Жәбірленуші Ш. тез байып кетемін деп үміттеніп, 33 млн теңгеден астам қаражат аударған, сондай-ақ, әр түрлі банктерден несие алып, өзінің алтын бұйымдары мен премиум класстағы көліктерін кепілге қойған. Алайда, ол ешқандай уәде етілген пайданы ала алмаған.

Блогер мен оның құрбысының қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленуші Ш.-ға жалпы сомасы 33 300 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

МИСТЕР “Х”

Сонымен қатар, блогер мен оның құрбысы өздеріне алған міндеттемелерін орындамайтынын біле тұра, алдау жолымен гүл компанияларының өкілдерін төлем жасамай оларға гүл беруге итермелеген. Блогер бұл гүлдерді алғаннан кейін өзінің «Instagram» парақшасына орналастырып, олардың «Мистер Х»-тен сыйлық екенін көрсеткен.

Олардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде гүл дүкендерінің иелеріне, жәбірленуші З.-ға 634 000 теңге, ал жәбірленуші А.-ға 3 354 000 теңге материалдық шығын келтірілген.

Жәбірленушілерге келтірілген залал өтелмеген.

ДӘЛЕЛДЕР

Айыпталушылардың алаяқтық әрекеттері іс материалдарымен, жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, геолокация деректерімен, банктік аударымдар туралы мәліметтермен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен және айғақ заттармен дәлелденген.

СОТ ШЕШІМІ

Блогердің құрбысы жасаған ісіне шын өкінуі, жас баласының бар болуы — жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды, ауырлататын мән-жайлар анықталмады, Ал блогердің кәмелетке толмаған баласының болуы - жеңілдететін мән-жай ретінде танылды, ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Блогер мен құрбысы ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, құрбысына 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал блогердің өзіне 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары