×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Балалардың терезеден құлау оқиғалары 6 есе көбейді

23.09.2021, 09:14
Балалардың терезеден құлау оқиғалары 6 есе көбейді
фото: Ашық дереккөзден

Шымкентте балалардың терезеден құлау фактісі өткен жылмен салыстырғанда 6 есе артқан. Төтеншеліктер жазатайым оқиғаның алдын алу үшін ата-аналарды сақтық шараларын қолдануға шақырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Әрі оларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша шара қолданылатынын жеткізді. Сондай-ақ, қалалық төтенше жағдай департаментінің өкілдері тұрғын үйлерде орын алған өрттің көбейгенін айтып дабыл қағып отыр, дейді otyrar.kz.

«Бүгінгі таңда балалардың көпқабатты үй терезелерінен құлауы жиілеп отыр. Мәселен жыл басынан бері бір Шымкенттің өзінде 6 жағдай тіркелген. Оның үшеуі қаза болып, қалғаны жарақат алған. Ал бұл статистика өткен жылмен салыстырғанда алты есе артық», – дейді ТЖД.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті жазатайым оқиғаның алдын алу мақсатында құрылыс басқармасына ұсыныс білдірген. Яғни, көпқабатты тұрғын үй салу барысында терезелерді ашуды шектеу құрылғыларын орнатуды сұраған. Ал бұл көрсеткіш ата-аналар үшін сабақ болуы керек дейді мамандар.

«Бұл әке-шешенің баласын қараусыз қалдыруы салдарынан болып отыр. Ол жерде маскетный сетка дейміз ғой сол ұстап қалады деген оймен балдар соған асылады. Онда ұстап тұрған кішкентай ғана пластмастар тұр. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің 127 бабына сәйкес, осы ата-аналарға шара қолдану қарастырылған», – деді Шымкент қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Азамат Бұлдырақов.

Төтеншеліктер 2020-2021 жылдың жылыту маусымында тұрғын үйлерде 61 өрт тіркелгенін де атап өтті. Бұл да өткен жылмен салыстырғанда 41 пайызға көп дейді. Сала жауаптыларының сөзінше материалдық шығын көлемі 132 млн теңгені құраған. Сонымен қатар мегаполисте табиғи газдан уланудың 5 фактісі анықталыпты.

«Өткен жылу беру маусымында 2020-2021 жылы тұрғын үйлерде 61 өрт тіркелген. 2 адам қаза болып, 4 адам жарақат алған. Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде жылу беру маусымында табиғи газдан уланудың 5 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қаза болып (оның ішінде 2 бала), 3 адам жарақат алды. Уланудың негізгі себептері: газ құрылғыларын дұрыс монтаждамау; газ колонкаларының улы газ шығаратын құбырларының жоқтығы; гофралардың дұрыс орнатылмауы», – деді Шымкент қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Әділ Оразов.

Оқыс оқиғаның адам шығынына алып келетінін атап өткен жауаптылар қала тұрғындарын барынша қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.