×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза болды

18.01.2022, 15:43
Фото: ашық дереккөз

Зардап шеккендерге санавиация кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, Павлодар облысы полиция департаменті 18 қаңтар күні сағат 12.14 шамасында Омбы – Майқапшағай автожолында Аққулы ауданы Әйтей мен Шабар ауылдары арасында «Фольксфаген» және «Нива» маркалы автокөліктері соқтығысқанын хабарлады.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 51 жастағы «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі мен 1964 жылы туған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. «Нива» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - дейді департаментте.     

Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде. 1998 жылы туған әйел адам жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1991 жылы туған ер адам жабық бас сүйек-ми жарақаты, сол жақ жамбастың жабық сынуы, білектің төменгі үштен бір бөлігінің оң жақ жабық сынуы анықталды.

Серіктес жаңалықтары