Алматы хайуанаттар бағындағы қолтырауын – Зина 50 жасқа толды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы хайуанаттар бағының Instagram парақшасында жазылды.
«Қаңтарда біздің Зина 50 жасқа толды! Ол – кайман қолтырауын. Ол 1972 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Ол бізге 2002 жылы 18 шілдеде Уккермюнде хайуанаттар бағынан (Германия) келді», - делінген хайуанаттар бағының баспасөз хабарламасында.
Бұл қолтырауынның өзіне тән мінезі бар: қыңырлығы бар әрі бейтаныс адамдарды ұнатпайды.
«Бірақ біздің герпетологтар оның көңілінен шығудың жолын тауып, денсаулығын бақылауға алып отыр. Каймандардың өмір сүру ұзақтығы – 30-40 жыл. Еркіндігі шектелген кайман ары кетсек 24 жыл өмір сүрді. Ал біздің Зина 50-де!», - делінген хабарламада.