×
518.97
607.3
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.97
607.3
6.64

БҚО-да ауыл тұрғындары суға зәру: бір шетінен мал, бір шетінен халық ішіп отыр

Бүгін, 11:25
БҚО-да ауыл тұрғындары суға зәру: бір шетінен мал, бір шетінен халық ішіп отыр
Видео кадры: Ұлысмедиа

Батыс Қазақстан облысындағы Үштөбе ауылының тұрғындары ауыз суға зәру болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ

Бұл туралы ауыл тұрғындары Ұлысмедианың “Ауылға жол” атты жобасында айтып берді. Тұрғындардың сөзінше, бірінші кезекте жол мәселесі бар. 

- Барға да, жоққа да үйреніп болдық. Бірақ жолдың бәрін көрдіңіздер. Шұрық-тесік. Бұрын 45 минутта ауданға жетуші едік, қазір 1,5 сағат жүреміз. Жолға жөндеу керек. Үкіметтен соны сұраймыз, дейді тұрғын. 

СУ ТАПШЫЛЫҒЫ

Сонымен қатар, Үштөбе ауылының тұрғыны ауыз су мәселесін де көтерді. 

- Бір шетінен суды жылқы мен сиыр ішсе, бір шетінен біз ішеміз. Суға арналған бағананы қойды. Бірақ ол жұмыс істемейді, өтірік тұр. Мектептің қасында құдық бар, сол жерден қолмен тартып су ішеміз, дейді тұрғын. 

ИНТЕРНЕТ, МЕДИЦИНА МӘСЕЛЕСІ 

Одан бөлек, ауылда интернет нашар.

- Медициналық бекет бар, бірақ ішінде медициналық қызметкер жоқ. Бір жылдан асты. Ғимараттың өзі жұмыс істеп тұрады. Көрші ауылдағы дәрігерлер келіп қарап кетеді. Бірақ ауыратын болсақ ауылдағы кез келген адам бір-бірімізді емдеп жібереміз, дейді тұрғын. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін “Ауылға жол” жобасында су тасқынынан зардап шеккен Ойыл тұрғындары мұң-мұқтажын айтқан еді. 

Серіктес жаңалықтары