Алматы облысында әскери ұшақ жоғалып кетті. Қазіргі уақытта отар маңында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.
ІЗДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ НЕ ДЕЙДІ
25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті.
Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды.
Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетін болады.