Эпицентрі Алматыдан 9,9 шақырымдық аумақта жер сілкінді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 23 қаңтар күні сағат 16:01-де тіркелген.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 9,9 шақырым жерде, Алматы облысының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,0. Тереңдігі - 10 шақырым. Нақтылық туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.