×
540.78
618.65
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.78
618.65
6.71

Әуелі махаббат, одан кейін ақша: Шымкентте қылмыстық топ әшкере болды

01.08.2025, 16:01
Әуелі махаббат, одан кейін ақша: Шымкентте қылмыстық топ әшкере болды
Ашық дереккөзден

Шымкентте бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП

Қылмыстық топтың құрамында екі қыз және үш жігіт болған. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, топ мүшелері оны ұрып-соғып, 800 мың теңге қаражатын алған. Жедел шаралар барысында күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша әрекет еткені белгілі болды.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ТАНЫСҚАН

Қыздар әлеуметтік желі арқылы ер адамдармен танысып, сеніміне кіріп, жалдамалы пәтерлерге кездесуге шақырған. Кездесу барысында пәтерге олардың сыбайластары баса-көктеп кіріп, өздерін қыздардың туыстары, ағалары немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған.

“Мәселені шешу” сылтауымен олар жәбірленушілерді ұрып-соғып, ақша талап еткен.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандардың ұялы телефондарың тексеру кезінде осыған ұқсас өзге де қылмыстардың деректері анықталды.

Серіктес жаңалықтары