×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Павлодар облысында 90-ға жуық сынып карантинге жабылды

27.01.2022, 14:33
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz-нің мәліметінше, өңірде өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда коронавирустың таралуы 3,6 есеге өсті.

«Өткен тәуліктің өзінде 1153 адамнан КВИ анықталды. 20-27 қаңтар аралығында 6541 жағдай тіркелді», - деді Батырбек Әлиев.

Департамент басшысының айтуынша, оқу жылы басталғалы 2304 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырған.

«Облыста 48 мектепте 88 сынып карантинге жабылды. Мектепке дейінгі жастағы 138 баладан КВИ анықталды. Олардың көбі Павлодар қаласында», - деді Батырбек Әлиев.

Сонымен қатар, Павлодар облысындағы ел шекарасынан жыл басынан бері 10960 адам кірген. Коронавирус бойынша 8 сырттан әкелінген жағдай тіркелді. 75 шет елдік азаматтың елімізге кіруіне тыйым салынды.

Айта кетейік, еліміздің бас санитарлық дәрігерінің 17 қаңтардағы қаулысы бойынша шекарадан өтетіндер КВИ-ге қарсы толық вакцина алғанына қарамастан ПТР анықтама көрсетуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары