Шығыс Қазақстан облысында 25 см қар жауды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Аймақта қыркүйек айында көп бола қоймайтын табиғи құбылыс болған. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Мамытек маңында қар жауған.
- Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Инспекторлар аумақты бақылауды күшейтіп, табиғатты қорғау шараларын тұрақты қадағалауда. Мәметек мекенінде қардың қалыңдығы 20–25 см, дейді парк қызметкерлері.