×
549.06
644.87
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
549.06
644.87
6.66

СҚО-да белгісіз дерттен құстар қырылған

30.09.2025, 08:27
СҚО-да белгісіз дерттен құстар қырылған
Фото: pexels

Солтүстік Қазақстан облысының бір ауылында отбасылық ферма ірі шығынға батты. Ерлі-зайыпты Чоястарға тиесілі шаруашылықта белгісіз аурудың кесірінен бірнеше күн ішінде 600-ден астам қаз, тауық және күркетауық қырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Құс қиналып өлді»

Ферма иесі Ольга Зуеваның айтуынша, құстардың өлімі жан түршігерлік жағдайда өткен.

Қаздар қанаттарын желпіп, басын жерге тығып, жарықтан қашып, әдеттен тыс әрекет етті. Кейбірінде құрысу ұстап, танауынан және көзінен қан кеткен, тұмсығынан көбік шыққан, – дейді ол.

Отбасы құс шаруашылығына 13 млн теңге несие алып, жас құс пен жабдық сатып алған. Алайда індеттен барлық жас төл жойылып кеткен. Ал көктемде құс тұмауына қарсы екпе салынған қаздар ғана аман қалған. Бір түннің ішінде шамамен 200 құс қырылған.

Ауыл халқы алаңдаулы

Жергілікті тұрғындар дерттің жылдам таралуынан қауіптеніп отыр. Кейбірі бұл ауру адамға да жұғуы мүмкін деп күдіктенеді. Дегенмен әзірге нақты диагноз анықталған жоқ.

СҚО ветеринария басқармасының жетекшісі Жанат Амержановтың айтуынша, зертханалық сараптама құс тұмауын жоққа шығарған.

- Қазір мамандар пастереллезге тексеру жүргізіп жатыр. Қорытындысы әлі дайын емес, – деді ол.

Сараптама жалғасуда

Өлген құстар ауыл шетіне шығарылып, көмілуде. Ал тірі қалғандарын етке пайдалануға рұқсат берілгенімен, көпшілік одан бас тартуда. Ветеринар мамандардың алдын ала болжамы бойынша, құстардың жаппай қырылуына пастереллез себеп болуы мүмкін. Бұл ауру су, жем немесе ауру жануардың тістеуі арқылы тарайды.

Қазір арнайы сынамалар алынып, нәтижесі жақын күндері жарияланады деп күтілуде. Ал фермерлерге қора-қопсыларын дезинфекциялауға дайындалу керектігі ескертілді, деп жазады КТК.

Серіктес жаңалықтары