×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Жолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстамаған әкімге айыппұл салынды

05.02.2022, 16:31
Фото: ашық дереккөз

Успен ауылдық округінің әкімі жолдарды тиісті деңгейде күтіп  ұстамағаны  үшін жауапкершілікке тартылды,  деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Рavlodarnews.kz-ның мәліметінше, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 4-7 ақпан аралығында Успен ауданының полиция бөлімінің полицейлері «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасын өткізгенін хабарлады.

«Полицейлер жол жүру ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен оларды өткізбеген жүргізушілерді ғана емес, жаяу жүргіншілер өткелінің жағдайын  да  назарға алады.  Мысалы,  4 ақпан күні Успенка ауылында тексеру кезінде орталық көшедегі «жолақ» қар мен мұздан тазартылмағаны анықталды. Сондықтан аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабын бұзғаны үшін (жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамау)  Успен ауылдық округінің әкіміне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сәйкесінше оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ лауазымды тұлғаға кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілд», - дейді   Успен ауданының әкімшілік полиция бастығы Александр Семенченко.  

Серіктес жаңалықтары