×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Астаналықтар көлігін тұраққа қойса әр минутына төлейтін болады

17.10.2025, 11:10
Астаналықтар көлігін тұраққа қойса әр минутына төлейтін болады
Коллаж: Ұлысмедиа

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы автотұрақтар жайлы Мәжіліс депутатының сауалына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин өз сауалында пайдаланылмаған уақыт үшін төлемді қайтару жүйесін енгізуді ұсынған еді. Оның айтуынша, Алматыда автотұрақ үшін минут сайын есептелсе, Астанада төлем сағатпен алынады. Тіпті көлікті қысқа уақытқа қойғанның өзінде бір сағаттың ақысын төлеу қажет.

Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, енді елордада шлагбаумы бар жаңа типтегі аудандық автотұрақтар пайда болады. Онда төлем минуттық жүйемен жүргізіледі. Алдын ала бекітілген тарифке сәйкес аймақтық автотұрақтарда – сағатына 300 теңге, ал ашық тұрақтарда – 100 теңге төлем қарастырылған. Жеке автотұрақ иелері тарифті өздері белгілейтін болады.

КОНТЕКСТ

Қазір астаналық жүргізушілер ақылы автотұрақтардың қолайсыздығына жиі шағымданады. Әсіресе көлікті небәрі 10 минутқа қойғанның өзінде толық бір сағат үшін төлеуге мәжбүр. Қолданыстағы ереже бойынша, тегін тұру уақыты – 5 минут қана, одан кейін 100 теңге көлемінде төлем алынады. Көптеген жүргізушілер мұндай жүйені «абсурд» деп санайды.

Серіктес жаңалықтары