×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

Залды мұғалімдермен толтырған: Сұлтанғазиевтің кездесуіне халық кіре алмаған

20.10.2025, 09:44
Залды мұғалімдермен толтырған: Сұлтанғазиевтің кездесуіне халық кіре алмаған
Коллаж: Ұлысмедиа

Алматы облысында мұғалімдерді әкімнің халықпен кездесуіне залды толтыруға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің халықпен кездесуінде болған. Алайда халықтың сөзінше, кездесу туралы ақпарат әкімдіктің парақшасында 17 сағат бұрын ғана хабарланған. 

- Бүгінгі жиналысқа төрт мектептің мұғалімдерін жинап отыр. Қарапайым халық жоқ. Жиналыс туралы ақпаратты мектеп мұғалімі салғаннан кейін ғана естідік. Неге осындай шара болатынын халыққа ескертпейді? Неге бүкіл мектептің мұғалімін жинап, аузына құм құйып қояды? Осы мәселені көтеру керек. Себебі халықтың айтары бар. Облыс әкімі келеді деп ауданымыз қалай таза болып қалған иә? Түнімен тазалаған. Әкім күнде қонаққа келіп тұрса екен деп қоямыз, – дейді Іле ауданының тұрғыны Сұлтансандуғаш Базарғалиқызы. 

Оның сөзінше, ауданда проблема көп. 

- Атап өтер болсақ: көше мәселесі. Екіншіден, үй мәселесі. Одан соң мұқтаж отбасылардың ішінде АЕК ала алмай отырғандар бар. Себебі тіркеуі жоқ, ал тіркеуге тұратын үйі жоқ. Айтар болсақ проблема өте көп. Менің өзім аудан әкіміне барып жүргеніме үш жыл болды. “Маған не қыл дейсіз?” дейді ғой. Мысалы менің бизнес жобам бар, – дейді тұрғын. 

ӘКІМДІК ӘРЕКЕТІ 

Алматы облысының әкімдігінің сайтында расымен кездесу өткені туралы ақпарат бар. Тіпті ол жерде Іле ауданы тұрғындары облыс әкіміне 40-тан астам сұрақ қойғаны жазылған. Шара 17 қазанда Өтеген батыр ауылындағы Мәдениет үйінде өтті.

Ұлыс тілшілері халық қатыса алмаған жиналысқа қатысты облыс әкімдігіне сауал жолдады. Ақпарат қосымша хабарланатын болады. 

Серіктес жаңалықтары