×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Шымкентте мерекелік отшашу салдарынан өрт болды

Бүгін, 10:00
Шымкентте мерекелік отшашу салдарынан өрт болды
Видео кадры

25 қазан кешке Шымкент қаласының Нұрсат шағын ауданында мерекелік салюттен кейін өрт тұтанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше, оқиға шамамен 23:40-та болған. Фейерверктен шыққан ұшқын құрғақ шөпке түскеннен кейін өрт басталған. Жалын лезде таралып, шамамен 250 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, отты дереу сөндірді.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ЖОҚ

Ведомствоның мәліметінше, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, адам шығыны тіркелмеген.

Серіктес жаңалықтары