×
518.19
597.32
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.19
597.32
6.43

Ақтауда жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге жұмсалмақ

Бүгін, 15:34
Ақтауда жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге жұмсалмақ
Фото: lada.kz

Ақтауда жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Lada.kz мәліметінше, келісімшартқа сәйкес мердігер ұйым жыл басынан бері әр мемлекеттік мереке алдында орталық көшелердегі билбордтарға баннерлер орнату, тақырыптық жалаушалар салынған себеттер дайындау, сондай-ақ шағын сәулеттік нысандар қою жұмыстарын жүргізіп келеді.

- Орнатылған шыршалардың айналасына Жаңа жыл тақырыбындағы шағын сәулеттік нысандар қойылады, фотозоналар жасақталады. Сондай-ақ көшелер, ағаштар, гүлзарлар мен бұталар жаңа гирляндалармен безендіріледі, — деді әкімдік өкілдері.

Мерекелік безендіру жұмыстары 17–24 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Ал әшекейлер 2026 жылдың 15 қаңтарында бір-ақ алынады.

Әкімдік биыл қолданылатын Жаңа жылдық әшекейлердің басым бөлігі жаңадан сатып алынғанын атап өтті, себебі бұрынғылары жаңартуды қажет еткен. Жалпы шығын шамамен 80 млн теңге.

Айта кетейік, 2024 жылы жаңа жылдық безендіруге 98 403 854 теңге жұмсалған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда жаңа жылдық безендіруге 800 миллионға жуық ақша жұмсалмақ. 

Серіктес жаңалықтары