×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

Оралдағы көпқабатты үйде жарылыс болды

Бүгін, 16:49
Оралдағы көпқабатты үйде жарылыс болды
Видео кадры

Оралдағы көпқабатты үйде жарылыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Мой город” мәліметінше, төтенше жағдай 12 желтоқсан күні шамамен 14:00-де Циолковский көшесіндегі 1-үйде болды. Үшінші қабаттағы пәтерде өрт шығып, кейін газ-ауа қоспасы жарылған.

Оқиға куәгерлері бұл сәтті видеоға түсіріп алған. Кадрларда қатты жарылыстан терезе мен балкон қабырғасы түгелдей қиранданы көрінеді. Сондай-ақ балконда тұрған адамның сұлбасы байқалады.

Жарылыстан кейін оны сыртқа қарай ұшырып жіберген болуы мүмкін. Ал баспалдақта тұрған екінші өрт сөндіруші теңселгенімен, ұстап қалған.

ТЖМ НЕ ДЕЙДІ

БҚО ТЖД мәліметінше, 12 желтоқсанда  112 кезекші диспетчерлік қызметіне бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің балкон терезесінен қатты түтін шыққаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері пәтерде жеке заттар мен жиһаздың өртеніп жатқанын анықтады. Өртті сөндіру газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан қиындады, нәтижесінде терезе рамасы мен балкон шынысы сынды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, көршілердің айтуынша, аталмыш пәтерде ешкім тұрмайды. Құтқарушылар жүргізген дер кезінде эвакуацияның арқасында үй тұрғындары ауыр зардаптардан аман қалды.

Өрт толықтай 10 м² аумақта сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.  Өртті сөндіруге ТЖД-дан 23 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары