×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қаңтар оқиғасы: Атырауда 27 адамға үкім шықты

24.01.2023, 11:03
фото: ашық дереккөзден

Атырауда қаңтар оқиғасы бойынша 27 сотталушыға үкім оқылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлім етті.

"Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты айыптау бойынша сотқа берілген 27 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. ҚК 55-бабының 4-бөлігінің нормасын қолдана отырып, үш жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. 26 сотталушыға қатысты "Рақымшылық туралы" Заң қолданылды. Екі сотталушы аталмыш заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылды. 17 сотталушы жазасын өтеуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Жеті сотталушыға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалды", – делінген сот хабарламасында.

Соттың мәліметінше, айыпталушылар тәртіпсіздіктерге қатысып, зорлық-зомбылық жасаған, тонаған. Сондай-ақ, олар ұрлық-қарлық жасады, полиция қызметкерінің өміріне қол сұқты, атыс қаруын ұрлады деп айыпталып отыр.

"2022 жылғы 4 қаңтарда сотталушы С. "WhatsApp" қосымшасы арқылы Атырау қаласының тұрғындарын билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға, жаппай тәртіпсіздіктерге шақырды. 2022 жылдың 4 қаңтарында көшеде сотталушы Д.полиция қызметкеріне зорлық-зомбылық көрсетті. 2022 жылғы 5 қаңтарда әкімдік ғимаратының алдында сотталушылар А., А., Б., Д., К., М., Б., Ш., У., Г., Д., С., Б., Е., Ж., И., Н.  да полицияның заңды талаптарына бағынбай, оларға қатысты күш қолданды, осылайша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтірді, зорлық-зомбылықпен, қиратулармен, мүліктің жойылуымен қатар жүретін жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты", - деп хабарлады сот.

Тергеуге деректеріне сүйенсек, сотталушылар өз кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімін жасауды сұраған.

Серіктес жаңалықтары