×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

СҚО шенділері төселмеген жолды "пайдалануға берген"

26.01.2023, 13:01
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, өңірде жол төсемі болмай тұрып, пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылған. Жоспарланған 53,5 шақырым жолдың 27 шақырымы жоқ. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңгені құрады.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жол салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар адамдар анықталды. Іс сотқа жіберілді. 

Серіктес жаңалықтары