×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Таразда қазы жеп, тіс тазалағышты бірге жұтып қойған ер адамға ота жасалды

29.01.2023, 17:33
Фото: Ашық дереккөзден

54 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға іші қатты ауырып, әлсіреп түскен. 4 күн бойы ауырған.Соған қарамастан медициналық көмекке жүгінбеген. Ақырында, қатты ауырған ер адамды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, лапароскопия бойынша тәжірибелі және білікті маман Ғабиден Рахымжановтың бастамасымен хирург дәрігерлер Бекташ Дүрсінов пен Әлімбек Бекнұр компьютерлік томография жүргізді. Суреттерде келіп түскен науқастың іш қуысында тұрып қалған тіс тазалағыш табылды.

«Бөгде затты алып тастау» әдісі бойынша шұғыл лапароскопиялық операция жасалды. Операция кезінде ұзындығы 4 см және диаметрі 2 мм ұзын жіңішке ағаш таяқша (тіс шұқығыш) алынды. Сәтті жүргізілген операциядан кейін науқас есін жиып, бірнеше күн бұрын қазы жегенін айтты. Ол етпен бірге тіс тазалағыштың өңешке түскенін байқамаған болуы керек.

Серіктес жаңалықтары