×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Бір жылда 203 өлім: өндірістік апаттар ең жиі болатын өңір аталды

30.01.2023, 12:10
фото: ашық дереккөзден

2022 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1465 жұмыскер зардап шегіп, 203-і қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті мәлім етті.

«Былтыр өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,22-ні құрады. Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда. Мәселен, Қарағанды облысында – 180, ШҚО-да – 169, Қостанай облысында – 142, Павлодар облысында – 112, Ақтөбе облысында – 103, Алматы қаласында 114 адам зардап шекті», - делінген комитет хабарламасында.

Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 16,2 % және құрылыс саласында – 15 %.

Ведомство дерегінше, жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері: жәбірленушінің өрескел абайсыздығы (33,9%); өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (29%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (9,4%); қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу.

Серіктес жаңалықтары