×
501.26
590.38
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.26
590.38
6.54

Алматыдағы Көк жайлаудың тағдыры не болмақ?

Бүгін, 17:27
Алматыдағы Көк жайлаудың тағдыры не болмақ?
Алматы әкімдігінен

ОКҚ-де өткен брифинг барысында туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов Алматы маңындағы тауларды игеру қалай жүргізілетіні және Көк-Жайлау шатқалының тағдыры қандай болатыны жөнінде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Нұрбол Байжановтың айтуынша, қазір Алматы маңында бір-бірінен бөлек орналасқан тау курорттарын біртұтас жүйеге біріктіру жоспарланып отыр. Жоба аясында 30 аспалы жол салынып, 161 шақырым тау трассасы жасалады. 2029 жылға қарай туристер ағыны 5 млн адамға, оның ішінде 1,7 млн шетелдік туристке жетеді деп күтілуде.

Алайда тәуелсіз экологтар мен Алматы тұрғындары шетелдік турист тартамыз деген ұмтылыс қаланың басты байлығынан — бірегей таулары мен экожүйесінен айырылып қалуға әкелмей ме деп алаңдайды. Ерекше алаңдаушылық Көк-Жайлау шатқалының болашағына қатысты. Бұл аумақта Шренк шыршасынан құралған қылқанжапырақты ормандарды қоса алғанда, қайталанбас табиғи экожүйелер мен ландшафтар қалыптасқан.

Осыған байланысты журналистер Нұрбол Байжановтан Алматы тау кластерін дамытудың ауқымды кешенді жоспарында Көк-Жайлаудың орны қандай екенін сұрады.

— Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, Шымбұлақ тау-шаңғы курортын Ой-Қарағай курортымен байланыстыру мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда бұл кешенді жоспарға Көк-Жайлау енгізілген жоқ, — деп сендірді шенеунік.

Сонымен қатар, алматылық экоактивистер Туризм министрлігі бекіткен Алматы тау кластері жобасынан бөлек, Бәйтерек холдингі жүзеге асырып жатқан Көк-Жайлауды игеруге арналған жекеменшік жоба бар екенін айтады. Белсенділер қанша нақтылау сұраса да, бұл екі жобаның аражігін іс жүзінде ажырату мүмкін болмай отырғанын алға тартады.

Серіктес жаңалықтары