×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Пойыз астына түскен павлодарлық аяқ-қолынан айырылды

30.01.2023, 15:22
Пойыз астына түскен павлодарлық аяқ-қолынан айырылды
фото: ашық дереккөзден

Павлодар қаласында пойыз астына түскен ер адамның екі аяғының табанына ампутация жаcалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Мәліметке сүйенсек, 28 қаңтарда сағат 10:54-те жедел жәрдемге Павлодардағы Успен көпірі маңында ер адамның жатқаны туралы хабар түскен. Оның аяғын пойыз басып өткен.

58 жастағы ер адамды жақын жердегі облыстық клиникалық аурухананың стационарына жеткізген. Ол қатты шокта болды. Пойыз екі табанын кесіп кетті, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, оң қолының екі саусағы жұлынып кеткен көрінеді. Оған шұғыл ота жасалды.

Қазір оның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр