×
501.75
591.96
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.75
591.96
6.52

Қазақстанның солтүстігі тасқынға дайын емес

Бүгін, 16:51
Қазақстанның солтүстігі тасқынға дайын емес
Ulysmedia.kz коллажы

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына бір ай уақыт қалса да, кейбір аудандарда жарылыс жұмыстарын жүргізу, жанар-жағармай сатып алу және қар шығару бойынша келісімшарттар әлі жасалмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, күштер мен құралдар тобы толық дайын: 2200-ден астам адам, 1400 техника бірлігі жұмылдырылған, қажетті материалдар бар, уақытша орналастыру пункттері де әзірленген. Ерекше назар Есіл өзенінде және шағын өзендерде мұз жару жұмыстарына аударылып отыр. Бұл мақсатқа 43 учаскеге 83 млн теңге бөлінген.

МӘСЕЛЕЛЕР

Ведомство мәліметінше, мұзды ұсату жұмыстарына арналған келісімшарттар тек екі ауданда ғана жасалған. Тағы бір ауданда мұндай жұмыстар өткен жылмен салыстырғанда екі есе аз аумақта жүргізілмек.

Сонымен қатар, Мағжан Жұмабаев ауданында тасқынға қарсы жұмыстарға қажетті жанар-жағармай бойынша келісімшарттар жоқ. Уәлиханов ауданында қар шығару және құтқарушыларды тамақпен қамтамасыз етуге қатысты шарттар жасалмаған. Ал Қызылжар ауданының Байтерек ауылында дренаждық құдықтар сорғылармен жабдықталмаған.

Аталған кемшіліктерді жою үшін жауапты органдарға бір апта мерзім берілген, деп жазады pkzsk.info.

Серіктес жаңалықтары