×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Оралда мектеп өртеніп, күзетші газдан уланып қалды

31.01.2023, 09:11
ТЖД

Оралда мектептегі өрт кезінде газдан уланған күзетші ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 31 қаңтарға қараған түні Д.Қонаев шағынауданында болған.

«Сағат 00.05-те ТЖ департаментінен №28 мектептің екінші қабаты түтіндеп жатқаны жөнінде хабар түскен. Полиция қызметкерлері келген кезде сыныптағы электр қалқанның тұйықталғаны анықталды. Өртті сөндірмек болған аталған мектептің күзетшісі газдан уланған. Кейін ол қалалық ауруханаға жеткізілді. Күзетші газдан уланған деген диагнозбен жансақтау бөлімінде жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Департаменттің нақтылауынша, 30 қаңтар күні сағат 23.59-да 1992 жылы салынған №28 мектеп-лицейдің екінші қабатындағы №45 оқу кабинетінде жиһаз жанды.

Серіктес жаңалықтары