Шымкентте 5-сынып оқушысын көшеде ұрып кеткен жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бейнежазбада көрсетілгендер көрші тұратын 10-сынып және 5-сынып оқушылары екені анықталды. Оқиғаның барлық қатысушысы ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді.
Тексеру барысында оқиғаға дейін кәмелетке толмағандар арасында жанжал болғаны белгілі болды. Осыдан кейін 10-сынып оқушысы оны көшеде кездестіріп, күш қолданған.
Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және жанжалдың мән-жайына қарамастан, оларға міндетті түрде құқықтық баға берілетінін атап өтеді.
Кәмелетке толмағанның ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды.