×
482.33
557.57
5.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.33
557.57
5.74

Ақтаудағы сауда орталығы үш жылдан бері ашылмай келеді

Бүгін, 11:00
Ақтаудағы сауда орталығы үш жылдан бері ашылмай келеді
Фото: lada.kz

Ақтауда бұрынғы қалалық базардың орнында салынып жатқан «Жібек жолы» сауда орталығының құрылысы бірнеше жылға созылып, қала тұрғындарының көкейінде сұрақ тудырып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Lada.kz мәліметінше, жоба бастапқыда 2023 жылдың жазында аяқталады деп жоспарланған. Кейін мерзім 2024 жылдың күзіне шегерілген. Алайда 2026 жылға аяқ басқанымен, нысан әлі күнге дейін пайдалануға берілген жоқ.

Тұрғындардың айтуынша, орталықтың нақты қашан ашылатыны әлі белгісіз. Көпшілік құрылыстың тағы қанша уақытқа созылатынын сұрап отыр.

Қалалық әкімдік өкілдері нысанда ішкі жоспарлау және аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Жаңартылған мәліметке сәйкес, сауда орталығын 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ашу жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары