×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Ақтөбе облысында электр станциясы өртенді

08.02.2023, 11:54
видеодан кадр

Алға қаласында электр станциясы отқа оранды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 8 ақпанда сағат 09:39-да Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің "101" пультіне Айымбетов көшесіндегі Алға электр станциясының ашық жалынмен жануы туралы ақпарат келіп түскен.

“Шақыру орнына 18 құтқарушы және 4 бірлік техника жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың кіреберіс қақпасының есігін бұзып ашу жүзеге асырылды. Өртті сөндіру барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, көбікпен жүзеге асырылды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар өрттің көршілес қосалқы станция секцияларына таралу қаупі жойылды”, – делінген хабарламада.

Алды ала деректер бойынша өрт алаңы – 50 шаршы метр. Жалынның неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары