×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Түркістан облысында жер қойнауын пайдаланатын 27 компания заң бұзған

14.02.2023, 11:31
көрнекі фото, ашық дереккөзден

Түркістан облысында өз міндетін толық орындамаған 27 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарты мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық инвестиция және экспорт басқармасының мәліметінше, 2021-2023 жылдар аралығында уағдаластық бойынша өз міндетін толық орындамаған 27 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарты мерзімінен бұрын тоқтатылған. 2 іс бойынша жер учаскесі мемлекетке қайтарылса, тағы 11 факті негізінде сотқа талап-арыздар жолдануда.

Өңірлік полиция департаментінің дерегінше, жер қойнауын заңсыз пайдалану әрекеттер негізінен Ақсу, Бадам, Келес өзендерінің бойында анықталған. Ал Кентау қаласы мен Отырар ауданы аумағында өзіне тиесілі емес жерлерді қазу деректері жиі кездеседі.

Серіктес жаңалықтары