10 ақпанда Атырауда пара алды деген күдікпен ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
Бұл туралы брифингте жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерұлан Серікқалиев мәлімдеді.
Серікқалиев болжамды пара сомасын жарияламады. Оның айтуынша, ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы кінәсін мойындауына байланысты қолданылмаған, ал толығырақ ақпарат кейінірек берілетін болады.
ҚР ҚК 366-бабы ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.