×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Жанармай құю бекеті қызметкерінің өлімі: Көкшетауда қылмыстық іс қозғалды

17.02.2023, 08:09
ТЖД

Көкшетауда жанармай бекеті операторының өліміне байланысты  ҚР ҚК 292-бабы "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖД мәліметінше, өрт себептерін нақтылау үшін өрт-техникалық сараптама және сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"Анықтау органдары өрттің себебін, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша барлық тергеу шараларын жүргізуде", - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Әсет Жақсылықов.

Еске салайық, кеше Көкшетау қаласының Солтүстік индустриялық аймағындағы «Qazaqoil» жанар-жағармай құю стансасында жанармай тасымалдайтын екі цистерна өртеніп, бекет қызметкері қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары