×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

"Үйіміз құлайын деп тұр": Ұзынағаштықтар қызыл сумен арпалысып жатыр

21.02.2023, 16:23
видеодан кадр

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 50-ге жуық үйді су басты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 "Алматы" телеарнасына базынасын жеткізген жергілікті тұрғындардың сөзінше, 50 мыңға жуық халқы бар Ұзынағашта бұл жағдай жылда қайталанады. Қызыл су тұрғындарды әбігерге салғалы айдан асыпты. Тіпті баспанасын тастап кетуге мәжбүр болғандар да бар.

"Менің үйімді 4 жылдан бері су басып келеді. Үйдің іргетасы ажырап, кірпіштері ашылып, құлайын деп тұр", – деді Ұзынағаш ауылының тұрғыны Таңнұр Тұрлыбаева.

Оның айтуынша, тірнектеп тауып, қазығын қағып салған тамды сатуға да қойған. Бірақ үйді көруге келгендер сыртынан-ақ теріс айналады екен.

Ұзынағаш халқы бұл мәселені меңзеп, биліктен көмек сұрағалы да жылдар болған екен. Әкімдік өкілдері де су басқан үйлердің барын растайды.

"Осы күнге дейін тазартылмаған. Жердің беті тоң болғандықтан, техника жерді қазу жұмыстарын жүргізе алмады. Соның салдарынан, осындай жағдайға тап болдық", – деді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Абзал Нұрпейісов.

Бүгінде елу мың халқы бар елдімекенге облыстық құтқару қызметі, әскери қызметкерлерді қосқанда жүзге тарта жұмысшылар апаттың алдын алу үшін жұмылдырылыпты.

"Әр тұрғынға төтенше жағдай туралы ескертілді. Үйлерді су басқан жоқ, тек ауланы ғана басты.  Сараптама жасап жатқанымызға 15 күн болды", – деді Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бақыт Бейсенбеков.

Бүгінде Ұзынағаш ауылдық округі бойынша 10 шақты ірі техника, 5 мотосорғыш, 2 экскаватор арық арналарын ашуға кірісті.

Серіктес жаңалықтары