×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанның 5 өңірінде жол жабылды

23.02.2023, 09:22
Қазақстанның 5 өңірінде жол жабылды
фото: ашық дереккөзден

Еліміздің 5 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабық тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы - 1025 шақырым немесе республикалық желінің - 4,1%-ы.

«Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Алматы облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Жамбыл облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолы, Бурылбайтал-Ақсуйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.

Батыс Қазақстан облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.

Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы — Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабық», - деп жазды компания.

Ведомство өткен түнде 1 100 текше метр көктайғаққа қарсы материал себілгенін де атап өткен. Сондай-ақ бүгін республикалық маңыздағы тасжолдарда күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 500 бірлік арнайы техника мен 800 маман жұмылдырылды.