×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркістанда көпбалалы отбасыларға берілген үйлер қирай бастады

29.09.2021, 16:59
Түркістанда көпбалалы отбасыларға берілген үйлер қирай бастады
фото: otyrar.kz

Тұрғындар үйдің сапасына шағымданып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Түркістан қаласында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналар мен жалғыз басты аналарға үлестірілген көпқабатты үйлердің сапасы сыр бере бастаған, дейді otyrar.kz.

2017 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен баспаналы болғандар қуаныш көпке созылмағанын айтады. Уақыт өткен сайын бөлмелердің қабырғалары ажырай бастаған.

Ал құрылысына кепілдік берген мердігер компания жөндеу жұмыстарын жүргізіп береміз деп тұрғындарды бос сөзбен иландырып келеді екен.

«Мынау жарылып түсейін деп жатыр. Амалдап жамап қоямыз. Түсіп кеткенше. Ол келген кезде сызат берген. Ар жағы да, осы жері де солай», – деді Түркістан қаласының тұрғыны Жансұлу Ерназарова.