×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Елдің 10 өңірін су басу қаупі жоғары – "Қазгидромет"

07.03.2023, 08:47
sputnik.kz

"Қазгидромет" РМК гидрологиялық болжамына сәйкес наурыз айында еліміздің он өңірін су басу қаупі жоғары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мамандардың сөзінше, тәуекелдері жоғары өңірлер – Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.

"Қазгидромет"  тау өзендерінің жағдайын ерекше назарға алып отыр.

“Ақпан айында температураның жоғарылауы және қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде жоғары еріген-жаңбырлы су тасқыны өтуі мүмкін. Наурыз, сәуір айларында метеостанциялардағы көпжылдық бақылауларға сәйкес тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін”, – дейді мамандар.

Жалпы, наурызда елдің басым бөлігінде негізінен жылы және жаңбырлы болады деп күтілуде.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин республика бойынша 255 елді мекенді су басуы мүмкін екенін айтқан, оның сөзінше, бұл – 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат.

Серіктес жаңалықтары