×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Су тасқыны: "Қазгидромет" үш өңірдің тұрғындарына ескерту жасады

10.03.2023, 08:19
фото: ашық дереккөзден

"Қазгидромет" алдағы күндері бірнеше өңірдегі тасқын болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«10 -12 наурыз аралығында Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жауын-шашынның көп түсуіне, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілмек. Аталған өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын "Қазгидромет" елдің 10 өңірін су басу қаупі жоғары екенін болжаған.

Ал ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин республика бойынша 255 елді мекенді су басуы мүмкін екенін айтты, оның сөзінше, бұл – 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат.

 

Серіктес жаңалықтары