×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

«Халықтың сұрайтыны – жайылым мен көпір»: Amanat мүшелері Ақтүбек ауылына барды

15.03.2023, 18:46

Amanat партиясының мүшелері Ұлытау облысындағы Ақтүбек ауылына барып, халықтың басты мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, сайлауалды штаб жетекшісі, партиялық тізім бойынша Ұлытау облыстық мәслихатына кандидат Бауыржан Шыңғысов бастаған кандидаттардан құралған топ Қызылжар мен Түгіскендегі кездесулерді тәмамдаған соң, Ақтүбекке келіп тоқтады.

Мұнда тұрғындармен кездесіп, жиынның басы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірумен басталса, әрі қарай жүру барысы еркін пікір алмасу форматында өтті. Кездесу барысында партияның алдағы кезеңде атқарар жұмыстары туралы және ауылдарды дамыту жөнінде партияның ұстанымы сөз болды.

«Мал жайылымы мәселесі кезек күттірмейді, инфрақұрылымдарды қайта қарастыру ауадай қажет, жаңадан көпір салынса екен, мектептегі спорт залдың құрылысы аяқсыз қалды», - деп жан айқайын жеткізген тұрғындарға кандидаттар тарапынан тиісінше мардымды жауаптар берілді. Көпшілік көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап таба алды.

«AMANAT партиясы әрдайым Халық жағында» деп айтқан кандидаттарға тұрғындар да қолдау білдірді.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары