×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Петропавлда тасқын қаупі сейілмей тұр: өзендерде су деңгейі қайта көтерілді

11.04.2023, 11:18
time.kz

СҚО-да шағын өзендерде су деңгейі қайта көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметінше, өткен тәулікте Гусаковка елді мекенінің маңында Бабықбұрлық өзенінің деңгейі 148 сантиметрге, Ковыльное елді мекенінің маңында Аққанбұрлық өзені 79 сантиметрге, Северное ауылының маңында Шағалалы өзені 19 сантиметрге көтерілді.

Сергеев су қоймасында су деңгейі түсіп жатыр. Қазіргі уақытта бөгеннің ернеуінен тасып аққан судың биіктігі – 124 см. 8 сәуірде мұнда ең жоғары көрсеткіш – 196 см тіркелген еді.

Сергеев бөгетінен төмен қарай Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Мәселен Покровка ауылының маңында су 88 сантиметрге жоғарылады, осылайша қауіпті меже – 950 сантиметрден 40 сантиметрге артып, өзен арнасынан шықты.

Су Новоникольское елді мекенінің маңында 79 сантиметрге, Долматово ауылының маңында 67 сантиметрге көтерілді.

Ал Петропавл қаласында бір тәулікте Есіл өзенінің деңгейі 195 сантиметрден 620-ға жетті. Мұнда өзен арнасынан таситын қауіпті меже – 1050 см.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті  мамандардың айтуынша, Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі осы аптаның соңы мен келесі аптаның басында болады. 2017 жылғыдай өзен арнасынан шығып, жайылмаса да, жақын маңдағы саяжай учаскелері су астында қалмақ.

Серіктес жаңалықтары