×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Жаңаөзендегі жарылыс: үйінді астынан ер адамның денесі табылды

17.04.2023, 09:24
ТЖМ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазіргі уақытта үйінділердің астынан: 2000 ж.т. зардап шеккен әйел және 1994 ж.т. қайтыс болған азаматтың денесі алынды. Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала: 5 адам ауруханаға жатқызылды”, – делінген хабарламада.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасуда, 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек және полиция қызметкерлері бар.

Еске салайық, бүгін таңертең Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Оқиғаның салдарынан 11 адамның зардап шеккені хабарланды.

 

Серіктес жаңалықтары