×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

2025 жылдан бастап Маңғыстауда мұнай өндірісі көлемі қысқарады

05.10.2021, 09:52
Фото: Ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі Маңғыстау облысында мұнай өндіру жоспарын дайындады. Алдағы 5 жыл ішінде өңірде тұрақты түрде мұнай өндіру болжанып отыр. Алайда, 2025 жылдан бастап өндірістің біршама төмендеуі байқалуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстанның энергетика министрі айтып берді.

Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысының мұнай мен газ өндіруді арттыру үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

"Жаңа теңіз жобаларын іске қосудың, атап айтқанда Хазар және Қаламқас-теңіз кен орындарын игерудің арқасында 2028 жылдан бастап мұнай өндіруді 19,5 млн.тоннаға дейін арттыру жоспарлануда", - деп толықтырды Энергетика министрі.

Қазіргі уақытта "ҚазМұнайГаз" және "ЛУКОЙЛ" компаниялары осы кен орындарын игеру және өндіру тұжырымдамасының нұсқаларын талқылауда.

Бұл кен орындарында жоспарланған мұнай өндіру 2028 жылдан бастап жыл сайын шамамен 4 млн.тоннаны құрайды. Болжам бойынша инвестициялар көлемі шамамен 4,5 млрд.

Осы жобаларды іске асыру жағалау инфрақұрылымының жүктелуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өңірдің сервистік кәсіпорындары үшін жұмыстар мен қызметтердің жаңа көлемдеріне кепілдік береді, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

"Бұл жобалар кешенді даму жоспарына енгізілмеген, өйткені оларды іске асыру 2025 жылдан басталады. Алайда, олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді", - деп атап өтті Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы ағымдағы жылдың соңына дейін тұжырымдама нұсқасын толық айқындауы қажет.

Серіктес жаңалықтары