×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Соққыға жығылған сот орындаушы митинг ұйымдастырғаны үшін істі болған

05.10.2021, 12:59
фото: Ашық дереккөзден

Соққыға жығылған сот орындаушы 2014 жылы Алматыда наразылық акциясын ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2014 жылғы 15 ақпандағы қаулысынан белгілі болды. Құжатта Ермеков заңсыз митинг ұйымдастырып, оған белсенді қатысты делінген. Осы үшін ол 10 тәулік қамауға алынған.

«Ол Ленин мен Сәтпаев көшелерімен Республика орталық алаңына қарай жүріп, басқа адамдарды Алматы қаласы әкімдігіне келуге және өз азаматтық ұстанымын білдіруге шақырған. Және де ол «халық әкімдікке бар, Қазақстан алға, сөз бостандығы, жүріп-тұру еркіндігі!» деген сөздерді айқайлаған. Ермеков «тараңдар» деген талаптарды тыңдамай, наразылық акциясын жалғастырған», - деп жазылған сот қорытындысында.

Сот Ермековтің әрекетін толық заңсыз деп танып, оған қатысты үкім шығарды.

Еске салсақ, 4 қазанда Алматыда заңсыз салынған ғимаратты сүруге әрекет жасалғанда сот орындаушыға шабуыл жасалды. Бірақ полицейлер соққыны тоқтатудан бас тартты. Полиция департаменті өздерінің еш әрекет етпеуін «соққының білдіртпей тез жасалғанымен» түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары