×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ноғаев Маңғыстау архившілері 25% үстемақыны ала алмай отырғанынан хабарсыз болып шықты

02.06.2023, 13:48
Фото: Ашық дереккөзден

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы ауылдарда жұмыс істейтін архившілерге 25% мөлшерінде үстемақы төленбей жатыр. Алайда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз өңіріндегі архившілердің бұл мәселесінен хабарсыз болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Архившілердің үстемақы ала алмай отырғанынан менің хабарым жоқ. Егер басқа өңірлерде қабылданған шешім болса, - біз унитарлы мемлекетпіз. Орталықта қабылданған шешім барлық облыстарға тиесілі. Яғни орталық мемлекеттік органның, үкіметтің, президенттің қабылдаған шешімдері – басқа облыстарда, барлық жерде біркелкі іске асуы керек. Егер 25 пайыздық үстемақыны біздің архившілер алмай отырса, онда қажетті шараларды қабылдап, басқа облыстардағыдай аламыз», - деді Нұрлан Ноғаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, биыл наурызда Ulysmedia.kz порталына Ақтөбе облысының бір топ архившісі хабарласқан. «Бізге кім араша түседі» деп басталатын хатта аудандардың архившілері айлықпен бірге берілуі тиіс 25% үстемақыны ала алмай, оны даулағаны үшін қысым көрсетіліп жатқанын жазған. Архившілер былтыр сотта жеңіп шыққан. Алайда алты жылдан кейін «қол жеткіздік-ау» деген үстемақы жаңа жылдан кейін тағы берілмей қалған. Порталда сол жөнінде мақала жазылған болатын.

Ал Мәдениет және спорт министрлігі Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарын қоспағанда, басқа облыстардың архишілерінің бәрі де лауазымдық жалақысының 25% мөлшерінде үстемеақы алып жатқанын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары