×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Үш облыс архившілері 25% үстемақы ала алмай отыр: Мәдениет министрлігі мәселе реттелетінін хабарлады

25.05.2023, 14:24
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері ауылдарда жұмыс істейтін архившілерге 25% мөлшерінде үстемақы төлеу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz порталына Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Еске сала кетсек, биыл наурызда Ulysmedia.kz порталына Ақтөбе облысының бір топ архившісі хабарласқан. «Бізге кім араша түседі» деп басталатын хатта аудандардың архившілері айлықпен бірге берілуі тиіс 25% үстемақыны ала алмай, оны даулағаны үшін қысым көрсетіліп жатқанын жазған. Архившілер былтыр сотта жеңіп шыққан. Алайда алты жылдан кейін «қол жеткіздік-ау» деген үстемақы жаңа жылдан кейін тағы берілмей қалған. Порталда сол жөнінде мақала жазылған болатын.

Кейін үкімет кулуарында Ulysmedia тілшісі мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа осы мәселе жөнінде сұрақ қойған еді. Министр «фейсбукта оны қарайын, міндетті түрде жауап беремін» деп қысқа қайырған.

Таяуда министрліктен жауап келді. Ведомствоның хабарлауынша, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарын қоспағанда, басқа облыстардың архишілерінің бәрі де лауазымдық жалақысының 25% мөлшерінде үстемеақы алады.

«Қазіргі проблеманы шешу мақсатында 2023 жылғы 12 сәуірде мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың атынан үш өңірдің (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары) әкімдеріне ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін архив қызметкерлеріне үстемеақы төлеуді қарау қажеттілігі туралы хаттар жолданды. Бүгінгі таңда Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін архивтік үстемеақы төлеу бойынша әкімдіктердің қаулысына 25% мөлшерінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізуде», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары