×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ақтөбеліктер қолқаны қапқан иіске тұншығып отыр

06.06.2023, 09:42
Диапазон

Қоқыс полигонындағы өрттің салдарынан Ақтөбе тұрғындары түтінге тұншығып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қоқыс полигонындағы өрт үш күннен бері ауыздықталар емес.

Жергілікті тұрғындар қолқаны қапқан иіске тұншығып, үйлерінің есік-терезесін аша алмай отыр.

Жағдайды қаладағы аптап ыстық ушықтырып тұр.

Қалалық полигонда жыл бойы бірнеше мәрте өрт тұтанады. Мысалы, өткен жылы мұнда 17 өрт шықты, биылдың өзінде полигондағы қоқыс 7 рет өртенді. Жазда аптап ыстық пен желдің әсерінен өртті сөндіру қиындай түседі.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырау тұрғындары желіде қаланы қолқаны қапқан сасық иіс торлағанын айтып, шағымданған.

Кейіннен Каспий жағалауында бірнеше күн жанған қамыс түтіні Атырауды басып қалды.

Серіктес жаңалықтары