×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

"Қытайлар Ертіс өзенінде алтын қазып жатыр": Әкімдік тұрғындарға ескерту жасады

08.06.2023, 12:07
trip-for-the-soul.ru

Абай облысының әкімдігі желіде қытайлық компанияның Ертіс өзенінде алтын қазып жатқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бесқарағай ауданы Долон ауылындағы Ертіс өзенінде қытайлық компанияның Ертіс өзенінде алтын қазып жатқаны туралы ақпарат тарады. Онда «Олар химиялық заттарды (цианит) пайдаланып жатыр. Сондықтан Ертіс өзенінде мүлде шомылмаңыздар» деп жазылған.

Абай облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпараттың жалғаны екенін айтты.

«Ертіс өзенінің түбінде алтын кенін өндіру үшін ҚХР азаматтары келгені туралы ақпарат шындыққа мүлде сәйкес келмейді. Тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары