×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Дариға Назарбаеваның құдасы ШҚО әкімі болды

16.06.2023, 09:30
Дариға Назарбаеваның құдасы ШҚО әкімі болды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолы

Көшербаев еңбек жолын 1988 жылы Алматыда № 170 орта мектепте тарих мұғалімі болып бастаған.

  • 1988-1991 жылдары - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі;
  • 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі;
  • 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы;
  • 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы;
  • 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы;
  • 1997 - 1999 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің көмекшісі;
  • 2000 жылы қаңтар-қазан аралығында – "Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры" қоғамдық қоры директорының орынбасары, бірінші орынбасары;
  • 2000-2001 жылдары - "ҚазТрансОйл" ҰК" ЖАҚ баспасөз қызметінің басшысы, мұнай тасымалдау бойынша президент аппаратының басшысы;
  • 2001-2003 жылдары - "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ аппарат басшысы, бірінші вице-президенттің кеңесшісі, президент аппаратының жетекшісі;
  • 2003 - 2004 жылдары – "Рауан Медиа Групп" АҚ бас директоры;
  • 2004 жылы мамыр-тамыз аралығында – "Отан" республикалық саяси партиясының орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары;
  • 2004 – 2005 жылдары – "КазМунайГаз" АҚ президент аппаратының жетекшісі;
  • 2005 -2006 жылдары – "Атамекен" жалпыұлттық одағы атқарушы директорының бірінші орынбасары;
  • 2006-2007 жылдары - "Отан" республикалық саяси партиясы" қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы;
  • 2007 жылы қаңтар – шілде аралығында – "Беркут" қаржы-өндірістік тобы" ЖШС директоры;
  • 2007-2008 жылдары - "KazEnergy" қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық ұйымдары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;
  • 2008 -2009 жылдары – "Рауан Медиа Групп" АҚ бас директоры;
  • 2009 – 2010 жылдары – АО "НК "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацисы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы;
  • 2010-2014 жылдары - ШҚО әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
  • 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
  • 2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;
  • 2018-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;
  • 2019-2020 жылдары – Сыртқы істер министрінің орынбасары.
  • 2020 жылдан бастап Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі болды.

Отбасы

Ермек Көшербаев үйленген, ұлы мен қызы бар. Оның әйелі Динара Шайжүнісова екені белгілі. Ол туралы әлеуметтік желілерде ешқандай ақпарат жоқ. Алайда, ол біраз уақыт "ҚазМұнайГаз" кадр қызметінің басшысы болғаны белгілі.

Жалпы, Шайжүнісовтер әулеті елімізде танымал. Шығыс Қазақстаннан шыққаннан тамыр тартқан. Әулеттің атасы – белгілі ағартушы Жақия Шайжүнісов.

Көшербаевтың әйелінің әкесі – Мәркен Шайжүнісов – Семей қаласының құрметті тұрғыны. Сонымен қатар, ол Семей облысының әкімі және Семей қаласының әкімі болды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайланды.

Мәркен – 2018 жылы Дариға Назарбаеваның қызы Венера Назарбаеваға үйленген Даллен Шайжүнісовтің немере атасы. Далленнің өз атасы Тоқан Шайжүнсіов –  "Қазгипроцветметтің" президенті, ал ағасы Аллен Шайжүнісов –  "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы. Яғни, ШҚО-ның жаңа әкімі Көшербаевтың экс-президенттің отбасымен алыс болса да туыстық байланысы бар.

Еске салсақ, Ермек Көшербаев өңірді тоғыз жылға жуық басқарған ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің орнына келді.

Даниал Ахметов – қазақстандық билік олимпінде ұзақ орныққандардың бірі. 

Еңбек жолын 1976 жылы Екібастұзда Бүкілодақтық комсомол құрылысында прораб болып бастаған, кейін инженер, әкім, министр, премьер-министр орынбасары және премьер-министр лауазымына дейін көтерілді.

2014 жылдан бастап табан аудармай Шығыс Қазақстан облысын басқарып келеді.

Айта кетерлігі, Ахметов әр кезіккен сайын оның зейнет жасында екенін еске салудан шаршамайтын журналистердің шабуылына табандылықпен тойтарыс беріп келеді.

Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында ол әкім лауазымында тағы қанша уақыт отыруға ниетті екенін айтқан еді.

Сондай-ақ, ШҚО әкімі Қазақстанды "елбасысыздандыру" процесіне қатысты пікір білдірген.