×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтетін күн белгіленді

27.07.2023, 12:12
Фото: Ашық дереккөзден

22 тамызда Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімдігі мәлім етті.

Талқылау Үлкен ауылының орта мектебінде өтеді. Қоғамдық тыңдаулар 22 тамызда сағат 11:00-ге белгіленген.

Талқылаудың барлық қатысушыларында өзімен бірге жеке куәлік болуы қажет екені ескертілді.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық тыңдаулар ақпан айында өтуі тиіс болған.

Айта кетсек,бұдан бұрын  АЭС салу мәселесі референдумға шығарылмайтына хабарланған.

Жуырда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысының мерзімі жайлы айту ерте екенін мәлімдеген. Оның сөзінше, қазір еліміз технологияның төрт әлеуетті жеткізушісінің өтінімдерін қарастырып жатыр.

Ал "Самұрық-Қазына" төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін көп су мен ақша қажеттігін алға тартып, шешімді әбден таразылап барып қабылдау керегін айтқан.

Серіктес жаңалықтары